Жезқазғанда жеке сектордағы үйдің шатыры өртенді

9 Ақпан, 23:13 309

Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жезказган қаласының Пушкин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдіен өрт шықты. Жалынның жалпы ауданы 120 ш.м. алаңды қамтып, үйдің шатыры отқа оранған. 

Тілсіз жау дер кезінде ТЖМ күштерінің араласуымен толығымен сөндірілді. Үйдің иесі алдын ала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. 

Бұл ретте ТЖМ барлық азаматтарға һрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қаперге салады. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: