Жезқазғанда түтін шыққан пәтерде қалып қойған 3 бала құтқарылды

19 Қыркүйек, 19:26 543

Жезқазғанда көпқабатты тұрғын үй пәтерінде үш бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін 5-қабаттағы пәтерде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ас үйдегі пеште күйіп жатқан тамақтан шыққан қатты түтінді көріп, қорқып айқайлаған. Балалардың жылаған дауысын естіген көршілері дереу құтқарушылардан көмек сұраған. 

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер есікті бұзып ашып, 2017, 2020 және 2022 жылдары туған үш баланы эвакуациялады. Балалардың денсаулығына зиян келмеген. Дәрігерлер оларды қарап, медициналық көмек қажет еместігін анықтаған.

Перизат Саденова
Бөлісу: