Жезқазғанда мемлекеттік орган қызметкерлері байқау арқылы ақша жымқырмақ болған

7 Қараша, 10:22 1624

Жезқазған қаласының прокуратурасымен тұрақты негізде мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларының сақталуына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті атқарушы органдармен қолданыстағы заңнамаға қайшы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және қиындататын біліктілік талаптары белгіленген.

Қала прокуратурасы жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурстың күшін жойды, 15 лауазымды тұлғаға 904 540 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Нәтижесінде прокуратура мемлекеттік сатып алудың барлық қатысушыларына заңнамада көзделген тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етті.

Сонымен қатар жоғарыда аталған заңбұзушылықтар бойынша енгізілген ұсынуды тиісінше қарастырмағаны үшін қала әкімінің орынбасары, ТҮКШ бөлімінің басшысы және басқа да лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: