Жезқазған-Қызылорда автожолының құрылыс жұмыстары басталды

22 Қазан, 13:10 399

Жезқазған-Қызылорда автожолының құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұзындығы 208 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Қызылорда» жобасын орындауға кірісті.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Ұлытау облысына іссапар барысында «Жезқазған-Қызылорда» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылыс жұмыстарының барысын қадағалап, облыс әкімі Дастан Рыспековке автожолдың қайта жаңарту жобасын таныстырды.

Жалпы ұзындығы 426 шақырымды құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» автожолының қайта жаңарту жобасы Ұлытау және Қызылорда облыстары арқылы өтеді. Ұлытау облысы бойынша қайта жаңарту жұмыстары аясында жолды ІІІ техникалық санаттан ІІ техникалық санатқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» басшысы.

Ұлытау облысы бойынша «Жезқазған-Қызылорда» автожолының 216-424 шақырымы аралығындағы учаскесін 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: