Жезқазған қаласының тұрғынынан 6 келіге жуық марихуана тәркіленді

23 Қараша 2023, 07:28 577

"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы  аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктінің үйін тінту кезінде, ол тұратын жерде шамамен 6 кг кептірілген марихуана тәркіленді. Сонымен қатар тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы, оған бес оқ, кастет тәркіленді. 

Күдікті уақытшы ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 287, 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Берік Арманов
Бөлісу: