Жезқазғанда «Ұлытау үні» фестивалі өтеді

12 Ақпан 2015, 12:17

Жезқазғанда халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің XXV аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі өтеді

Жезқазғанда халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің XXV аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалия Түгелбаеваға сілтеме жасап.

Фестиваль ресми түрде 11 наурыз күні ашылады. Салтанатты шара аймақтық «Жұлдыз-2015» жастардың эстрадалық әндер конкурсымен басталады. Конкурста Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әндер орындалмақ. 


Сонымен қатар, фестиваль аясында XXV аймақтық «Ұлытау үні» фестивалінің мерейтойлық көрмесі, «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты театрландырылған көріністер конкурсы өтеді. Ұйымдастырушылар жыл сайынғы дәстүр бойынша ақындардың кештерін өткізуді де жоспарлап отыр. Ақын Омар Қунақұлының 125 жылдығына арналған кеш, ақын Аманжол Омаровтың шығармашылық кеші мен ақын Нұрәсила Бәрменбаеваның 100 жылдығына арналған еске алу кеші осының дәлелі. Фестиваль 13 наурыз күні гала концертпен аяқталады.


Нұрсерік Жолбарыс

Бөлісу: