Жетісуда «Жеңіс эстафетасын» қарсы алу салтанаты өтті

Кеше, 14:10 319

ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің шекарашылары  Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаментінен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс эстафетасын» қабылдап алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңызды іс-шара Абай облысының Аягөз қаласында ұйымдастырылып, Жетісу облысы, Үшарал қаласында жалғасын тапты. 

Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабаралуынша, салтанатты шараға тұрғындар да ат салысты. Жиналған қауымға З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламалары ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Жеңіс» марафоны келесі кезекте Алматы қаласында өтеді. Эстафетаны ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті ресми түрде алматылық әріптестеріне табыстайтын болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: