Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаз тапты

23 Наурыз, 11:00 828

Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Оқиға Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 336 шақырымында болған, деп хабаралйды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан. 

Апат салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккендердің бесеуі аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: