Жетісу облысы Панфилов ауылында жеке тұрғын үй ауласында өрт шықты. Оқиға Тұрпан ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, үй ауласында орналасқан шаруашылық құрылыстың және уақытша тұрғын жайдың шатыры жанған.
Оқиға орнына төтеншеліктер дереу жетті. Қызыл жалын 99 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.