Жетісуда трактор аударылып, ауыл тұрғыны қаза тапты

21 Қазан 2022, 17:39 1218

Бұл туралы polisia.kz мәлім етті

Жетісу облысында трактор аударылып, ауыл тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды El.kz polisia.kz cайтына сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы 20 қазан күні Кербұлақ ауданы Шаған ауылында болған. Тракторды 51 жастағы ер адам басқарған. Ол Қонаев көшесінде рульге ие бола алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бөлісу: