Жетісу облысының Лепсі ауылында шұңқырға түсіп кеткен ит аман-есен құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
112 кезекші пультіне Құлақын көшесінде иттің шұңқырға құлап, өздігінен шыға алмай қалғаны туралы хабар түскен. Ақпарат алған бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құтқару арқанын пайдалана отырып, жануарды қауіпсіз жерге шығарды.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында ит аман қалды.