Жетісуда қазан айының басталғалы жол апатынан 15 адам бақилық болды

19 Қазан 2023, 02:29 566

Жетісу өңірінде адам өліміне әкелетін апаттар жиілеп кетті. Тек қазан айының басынан бері облыс жолдарында 15 адам қаза тауып, 40-тан астамы түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Осыған байланысты облыстық полицейлер дабыл қағып, көлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақырды.

Қазан айының басынан бері облыс жолдарында 15 адам қаза тауып, 40-тан астам адам түрлі жарақаттар алды. Соңғы дерек Ескелді ауданында тіркелді. «Алматы-Өскемен» тас жолының 288-ші шақырымында «ГАЗель» мен «ВАЗ-21099» көліктері соқтығысты. Көліктің 35 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, - деді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Жол апатының жиілеп кетуіне байланысты полицейлер күнделікті патрульдік қызметті күшейтті. Тәртіп сашылары көлік жүргізушілерінен жол қауіпсіздігі талаптарын ескеруді, сондай-ақ көлікті басқару кезінде қырағылық танытуды сұрайды.

Берік Арманов
Бөлісу: