Жетісуда мотоцикл жүргізушісі қызды қағып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Ешкіөлмес ауылында 11 жастағы қызды мотоцикл қаққан. Ауыр жарақат алған қыз аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.
Жол апатынан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де зардап шекті. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.