Жетісуда көпқабатты үй құрылысы кезінде аса ірі мөлшерде ақша жымқырғандар сотталды

4 Қаңтар, 23:38 749

Жетісу облысы Талдықорған қаласында көпқабатты 2 тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырған кінәлі тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық прокуратураның мәліметінше, қылмыстық істі тергеуді арнайы прокурорлар жүргізген.

Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып, 250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталған.

Оқи отырыңыз: 

Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкер Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: