Жетісу облысында екі жеңіл көлік өзенді кесіп өту кезінде мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Талдықорған қаласынан 5 шақырым жердегі демалыс орны маңында болған.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының көмегімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды.
Барлығы 5 адам құтқарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.