Жетісуда балабақша бухгалтері 40 миллионға жуық ақша жымқырған

3 Шілде 2023, 13:15 631

Жетісу облысының Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталған. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасында айырмашылық болды.

Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (аса ірі мөлшерде ұрлау). Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: