Жетісуда 9 жастағы қыз токқа түсіп қалды

24 Мамыр 2023, 19:10 630

Текеліде жасырынбақ ойнап жүрген қыз баланы ток соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы ПД таратқан мәліметке сәйкес, зардап шеккен қыз бала 2014 жылы туған. Ол бірден ауруханаға жатқызылған. Оқиға бақылауға алынды.

Бұл дерек қалалық полицияның ақпараттарды есепке алу кітапшасына тіркелді. Жиналған материал сәйкес тексеру жүргізу үшін облыстық Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің департаментіне бағытталды, - делніген Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Берік Арманов
Бөлісу: