Жетісу облысында екі көпірді су шайып кетті

16 Маусым 2022, 10:06 2765

Жетісу облысында қалың нөсер салдарынан өзен арнасынан тасып, жаңадан салынып жатқан жолдың екі көпірін шайып кетті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«15 маусым күні жауын-шашынның көп түсуіне байланысты облыстық маңызы бар жол, Сарыөзек-Көктал, Шанханай ауылына кіреберіс жолдағы екі құбырлы көпірді шайып кетті. Қазіргі уақытта жол жабылды. Айналма жол бар», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзен суы екі құбыр тәрізді көпірді шайып, жол бойында орналасқан төрт үйдің ауласына кірген. Зардап шекккендер жоқ. Төтенше жағдай департаментінен 7 адам және 1 техника, жергілікті атқарушы билік тарапынан оқиға салдарын жоюға кірісті.

Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәліметінше айналма жол бар. Қозғалыс қалпына келтірілді.

Бөлісу: