Жетісу тұрғыны екі баласын 1 млн теңгеге саудалаған

18 Қыркүйек 2023, 13:16 1010

Жетісу облысы Полиция департаменті бала саудасы үшін облыстың 23 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Күдікті делдалдар арқылы өзінің 2022 және 2023 жылдары туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2022 жылдың қазан айында, ал екінші факт 2023 жылдың тамыз айында орын алған, екі жағдайда да мәміле сомасы 1 млн теңгені құраған. Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша (кәмелетке толмағандар саудасы) тіркелді, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Равиль Ашығали
Бөлісу: