Жетісу полицейлері жолда қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетуде

26 Қараша 2022, 21:50 1201

Көлік қозғалысы Алматы - Өскемен, Үшарал - Достық, Сарыөзек - Көктал автожолдарында барлық көлік түрлері үшін жабық

Жетісу полицейлері ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Өңірде ауа райының қолайсыздығы бірнеше республикалық автожолдарда көлік қозғалысын шектеуге немесе жабуға мәжбүр етті. Полиция күшейтілген нұсқада кезекшілікте және барлық жолдарды патрульдеуде, жолда қалғандардың барлығына көмек көрсетуде.

Көлік қозғалысы Алматы - Өскемен, Үшарал - Достық, Сарыөзек - Көктал автожолдарында барлық көлік түрлері үшін жабық.

EL.KZ
Бөлісу: