Жетісу полицейлері іздеуде жүрген ұрыны ұстады

11 Қазан 2022, 21:29 1091

Тергеу аясында ұсталған азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлау әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Жетісу полицейлері іздеуде жүрген ұрыны ұстады, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тамыз айының басында Жаркент қаласының жеке секторында жекеменшік үйлерде ұрлық жиілеп кетті. Тұрғын үйге кіру әдісі мен мүлікті таңдаудағы тұрақтылық бес жағдайда ұрлықтардың бір адамның қолымен жасалғанын көрсетті. 

Белгісіз адам үйлерде сақталған зергерлік бұйымдар мен қолма-қол ақшаны жымқырған. Келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асты. Нәтижесінде қылмыстық іздестіру қызметкерлері криминалистердің көмегімен бұрын сотталған 26 жастағы ер адамның ұрлық жасағанын көрсететін іздерді таба алды

Мемлекетаралық іздеуге жарияланған рецидивист кеше Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталып, Жаркент қаласына жеткізілді. Күдікті қамауға алынды. 

Тергеу аясында ұсталған азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлау әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу: