Жетісу облысының тұрғынынан төрт келіден астам марихуана тәркіленді

20 Тамыз, 15:28 428

Жетісу облысында полиция ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. 

Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдары есірткі заттарының едәуір мөлшері алынды. Сонымен қатар өсірілген қарасора бұталары тәркіленді, - делінген мәліметте. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені – бір келіден асады. Белгілі болғандай, ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы болып табылады. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды, тергеу әрекеттері жалғасуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: