Жетісу облысының прокурорлары қаржыны негізсіз пайдалануға жол бермеді

6 Қаңтар, 13:45 887

Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз шығындалуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар орындаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізу бойынша шығыстарды қосқаны анықталды.

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжаттарына көрсетілген сомалар мен жұмыстарды алып тастау арқылы түзетулер енгізілді. 

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: