Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себепкер болды

3 Желтоқсан 2023, 13:25 797

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласынан шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды, аталған көлік кенеттен жолға атып шыққан ірі атпен соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауди А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: