Жетісу облысының маңындағы тас жолда жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға республикалық Алматы-Өскемен тас жолының 400 шақырымында MAN F2000 автокөлігінің қатысуымен болды. Жүк көлігін 23 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны басқарған, алдын ала болжам бойынша, ол ауыр жүк көлігін басқара алмай, оның аударылып кетуіне жол берген.
Оқиға орнында жүргізуші қайтыс болғаны белгілі болды. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.