Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

1 Шілде 2023, 13:23 965

Жетісу облысында егде жастағы жүргізуші жол апатына түсіп, салдарынан бір жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 маусым күні Жетісу облысының Сарқан ауданында Volkswagen Polo көлігінің қатысуымен жол апаты тіркелді. Көлікті 73 жастағы ер адам басқарған.

ҚР ІІМ мәліметінше, оның басқаруында көлік Алматы-Өскемен тас жолының 462-шақырымында аударылып қалған.

Шетелдік көлікте болған 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екінші жолаушы қарт жүргізушімен бірге Сарқан аудандық ауруханасына жатқызылды, - делінген мәліметте.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары басталды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жас жігіт жол жөндеу жұмысшысын қылқындырды

Қарағанды облысындағы вахташылар ауылында спорт залының қабырғасы опырылды

Мадина Асылбекова
Бөлісу: