Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

7 Мамыр 2023, 22:36 937

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

7 мамырда Жетісу облысының Ақсу ауданында Hyundai Tucson және ГАЗ-53 автокөліктері соқтығысты.

Алматы-Өскемен тас жолының 360 шақырымында кроссовердің жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, онымен жанама соқтығысып, нәтижесінде жол жиегіне шығып кетіп аударылған, - делінген мәліметте.

Салдарынан 54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

EL.KZ
Бөлісу: