Жетісу облысында жол апатынан әйел адам қайтыс болды

8 Тамыз 2023, 11:42 1040

Жетісу облысында жол апатынан бала жарақат алып, әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 8 тамыз күні Mercedes Benz көлігінің қатысуымен Көксу ауданында болған.

Оқи отырыңыз:

ҚР ІІМ мәліметінше, Неміс көлігін тізгіндеген 39 жастағы ер адам Алматы-Өскемен тас жолының 235 шақырымында көліктің аударылуына жол берген.

Оқиға орнында жүргізушінің 35 жастағы әйелі қайтыс болды. Сондай-ақ екі жасар бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - делінген мәліметте.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: