Жетісу облысында жел ұшырып әкеткен туристер құтқарылды

2 Шілде, 19:08 494

Катамаранмен суда жүзіп жүрген үш турист қайғылы жағдайға тап бола жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, туристер Алакөл көлінің жағалауынан алыс жүзіп кеткен, сол сәтте желдің күшеюіне байланысты демалушылар жағалауға өздігінен жете алмаған.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу көмекке келді, олар желмен ұшып кеткендерді жағаға қайтарды. Медициналық көмек қажет емес, - делінген мәліметте.

Зарина Арман
Бөлісу: