Жетісу облысында туристер құтқарылды

3 Тамыз, 23:16 812

Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 30 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары 2 адамды құтқарды.

Белгілі болғандай, олар жеңіл көлігімен өзеннен өту кезінде тұрып қалған. Содан кейін аралға өтіп, олар өз бетінше жағаға орала алмаған, - делінген мәліметте.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Перизат Саденова
Бөлісу: