Жетісу облысы Қабанбай ауылында тойға барған 20 адам астан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Онда «инфекциялық шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнтерит және колит» алдын ала диагнозы қойылған 20 адам ауруханаға түскені айтылған.
Алакөл орталық аудандық ауруханасында зардап шеккен бар адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның11-і жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, қалған 9-ы ауруханаға жатудан бас тартты. Науқастардың жағдайы бірқалыпты,- деп хабарлады департаментен.
Кәсіпкерлік кодекске сәйкес эпидемиологиялық тергеу басталды.