Жетісу облысында қару-жарақ сақталған тағы бір орын анықталды

14 Маусым 2023, 13:50 1018

13 маусымда Жетісу облысындағы Сарқан қаласының маңында қару-жарақ сақталған тағы бір орын анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД ҰҚККБ жедел қызметкерлері мен ҰҚКД қызметкерлері полиэтилен пакетке оралған атыс қаруы мен оқ дәрілерді Сарқан-Екіаша автожолының 5 шақырымында суармалы арықтан тапқан.

Табылған тапанша қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды.

Жеті патронмен жарақтандырылған «Байкал» тапаншасы, бір ауызды аңшылық мылтығы, 12 калибрлі шолақ мылтық, маркасы белгіленбеген, сериялық нөмірлері жоқ газ тапаншасы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 105 патрон тәркіленді. «Байкал» тапаншасы 2022 жылы Талдықорған қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды, - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚККБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: