Жетісу облысында оқушылардың табиғи және техногендік сипаттағы қауіпсіздік білімін арттыру қолға алынды

5 Қазан 2023, 23:18 864

Жетісу облысы ТЖД білім беру мекемелерінде оқушылардың табиғи және техногендік сипаттағы қауіпсіздік білімін арттыру мақсатында “Балалар айдары” акциясы жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Акция оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, танымдық қызметін ынталандыруға, балалардың жан-жақты шығармашылығы мен әлеуметтік бастамаларын дамытуға ықпал етеді.

Балаларға табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезіндегі іс-қимылдар туралы айтылып, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі туралы түсіндірілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: