Жетісу облысында есірткі заттарын сататын 30 есірткі алаңы бұғатталды

8 Қараша, 10:21 376

Жетісу облысы прокуратурасымен заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталды, - делінген прокуратура мәліметінде.

Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарынжарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталды.

Облыс прокуратурасымен аталған бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: