Жетісу облысында есірткі сатқан адамға сот үкімі шықты

19 Мамыр 2023, 00:09 799

Жетісу облысында есірткі жеткізуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

25 жастағы есірткі сатушы бірнеше ай бұрын Көксу ауданында Алматы – Өскемен автожолында ұсталған. Полицияның мәліметінше, жеке тексеру кезінде 2,5 келіден астам түрлі синтетикалық есірткі тәркіленді. Одан қалды әртүрлі буып-түйгіш материалдар, таразылар, зип-пакеттер және т.б. табылды.

Белгілі болғандай, жас жігіт желіде синтетикалық есірткі жеткізуші ретінде жұмыс істеп, оны Талдықорған қаласы мен оның маңында сатқан.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен күдікті ҚР ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 1, 2, 3, 5-тармақтарында (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтейді, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Биыл облыстық Полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қатысты 60 күдіктіні ұстап, заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткіні тәркіледі.

Берік Арманов
Бөлісу: