Жетісу облысында балықшыны құтқару қызметі өлімнен аман алып қалды

14 Қазан 2023, 14:51 684

Құтқару қызметінің мамандары Жетісу облысының құтқарушылары балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ырғайты өзенінің жағасында адам жартастан құлап, арқасынан түрлі жарақаттар алып, өздігінен шыға алмай қалған. 

Оқиға орнына ТЖД Жедел - құтқару жасағының құтқарушылары дереу жол тартты. Құтқарушылар оны зембілмен жартасты, таулы жерлермен жаяу жеткізді. 

Осы орайда ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: