Жетісу облысында аулалардан еріген қар суын шығару жұмыстары аяқталды

11 Наурыз, 23:41 842

Жетісу облысының Алакөл ауданы Бескөл станциясында он тоғыз үйдің аулаларынан еріген қар суын шығару жұмыстары бүгін күні сағат 12.20-да толығымен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аумақта Төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп шамамен 50 адам және 14 бірлік техника жұмыс істеді. Олардың күшімен 420 м үйінді дамбысы орнатылып, сондай-ақ аула учаскелерінен 1262 текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. Сөйтіп жедел қабылданған шаралардың арқасында тұрғын үйлерді су басу қаупі төмендетілді.

Еске салсақ, 2024 жылғы 10 наурызда қардың қарқынды еруі салдарынан Алакөл ауданы Бескөл станциясында 19 жеке тұрғын үй аулаларының аумағын су басқан болатын. ТЖД қызметкерлері оқиға орнында кешеден бері жұмыс істеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: