Жетісу облысының прокуратурасымен «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, алимент бойынша борышкерлерді қылмыстық қудалауға дейін белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында Алакөл ауданының борышкері 5 жылдан астам уақыт бойы өз міндеттемелерін орындаудан әдейі жалтарып, жалпы қарызы 2,6 миллион теңгеге жеткені белгілі болды.
Борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бұл шаралар тиімді нәтиже бермеген. Сондықтан прокурорлар ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес балалар мен басқа да мүгедек отбасы мүшелерін асырау үшін қаражат төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.Сот оны кінәлі деп тауып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот үкімі күшіне енді.