Жетісу облысында 7 баланың анасы жоғалып кетті

13 Маусым, 17:41 622

Жетісу облысында 30 жастағы келіншек жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Жақындарының айтуынша, ол Алакөл ауданының Балапанов ауылындағы үйінен Үшарал қаласына шығып кетіп, оралмаған.

Ол туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды.

Келіншек жоғалды. Есімі – Айым, 1994 жылы туған. Балапанов ауылының келіні, кеше Үшаралға келген. Содан үйіне оралмаған. Артында 7 баласы қалды. Омырауда сәбиі бар. Көрген-білгендер болса, 8 702 137 34 08 нөміріне хабарлассыншы, - дейді жақындары.

Жетісу облыстық полиция департаментінің өкілдері аталған әйелдің туыстары полицияға жүгінгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: