Жетісу облысында 62 млн теңгені қолды еткен ұры ұсталды

24 Маусым, 12:18 494

Жетісу облысында полиция фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасап, 62 миллион теңге ұрлаған қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов өзінің Instagram-дағы парақшасында тәртіп сақшыларының ер адамды Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында құрықтағанын жазды. Қылмыскер қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген еді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының полицейлері Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында іздеуде жүрген 42 жастағы қылмыскерді ұстады, - деп жазды Бауыржан Аленов.

 

 Ол ер адамның қарақшылық жасағаны үшін іздестірілгенін түсіндірді.

2019 жылдың сәуірінде ол атыс қаруымен қорқытып, фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасап, 62 миллион теңгені иемденді, - деді полиция бастығы.

Қазақстандық қамауға алынды, полиция қылмыстың барлық егжей-тегжейін анықтайды.

EL.KZ
Бөлісу: