Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры Қалмұхамет Дөңсебаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Дөңсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салына отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.