"Жетімдер бизнестің көзі болған". 9 мың бала шетелге қалай сатылды?

29 Желтоқсан 2023, 10:50 17714

«Ұлысмедиа» платформасында жаңадан ашылған Qarakoz подкастына сұхбат берген «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы авторы Жанар Байсемізова қазақстандық жетім балалар 90-2000 жылдары әлемнің отыз еліне тарап кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда шетелдіктер асырап алған балалардың нақты тізімі ешбір жерде жоқ.

Ресми статистика бойынша, шетелге бала беру 1999 жылы басталған. Бірақ, осы жолы Еуропаға барған кезде 90 -жылдардың басында кеткен қызбен кездестім. Ол мүлдем еш жерде тізімде жоқ. Ол кезде заң да басқа болды. Мүмкін, біздің азаматтар асырап алмаған соң, тым құрымағанда сол балалар бақытты болсын. Шетелдіктер болса да, үйде өссін деп ойлған шығар. Одан кейін оны ешкім қадағалаған да жоқ. Былайша айтқанда ол жүйесіз кеткен, - дейді жоба авторы.

Гаага конвенциясы бойынша Қазақстан шетелдіктерге баса асырауға беруге міндетті.

«Мұны сол кезде бизнеске айналдырған ба?» деген журналистің сауалына Байсемізова «Бизнеске айналдырған емес. Ол кәдімгі бизнес болған» деп жауап берді.

Айта кетейік,  бұдан бұрын «Шетелдегі қазақ балалары» жобасыны авторы «Фейсбукте» балалардың бәленбай мың долларға сатылғаны туралы пост жазды. Алайды, кейін оны өшіруге мәжбүр болған.

Мен ол постты да алып тастадым. Қорыққаннан емес, басқадан емес. Балалар бәрін қазақшадан аударып оқып отыр ғой. Олардың жүрегіне тиеді. Ата-анасынан да сондай өтініш болды. Бағдарламада да қосқаным жоқ. Өйткені, ата-аналарының оларды сатып алғаны балаларға өте үлкен соққы, - дейді жоба авторы.

Әр кез полиция таратқан мәліметтерге қарағанда бала саудасы пролемасы Қазақстанда әлі күнге дейін бар. Нәресте 500 мыңнан 1,5 млн теңге аралығында бағаланады.  

Әдеттегідей ұсталып жатқан майшабақтар ғой. Мендегі бар ақпарат бойынша бір компания болған. Ол компанияның бұл балаларға ешқандай қатысы жоқ. Сондай бір туристік компания. Ол делдал. Ортада кімге қанша беру керек шешіп отыратын адамдар болған, - деп мәлімдеді Байсемізова.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: