Жетігенде орындалған «Көзімнің қарасы» әуені аргентиналықтарды тамсандырды

4 Сәуір, 12:33 3372

Әлеуметтік желіде аргентиналық жөспірім қыздың ролик киіп «Көзімнің қарасы» композициясына түрлі трюктер жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматылық Татьяна есімді тұрғынның айтуынша, әуенді оның ұлы Илья жазып берген. 8 сынып оқушысы Абайдың әнін жетігенде орындап, сол нұсқаны шетелдік құрбысына жіберген.

Ильяның аргентиналық құрбысының есімі - Фаустина Бусто. Ол кәсіби түрде ролик тебеді және әлеуметтік желіде түрлі әуеннің сүйемелдеуімен трюктер жасаған видеосын жариялайды. Бұл жолы оның таңдауы Абай Құнанбаевтың туындысына түскен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FAUS ♾️ (@faustina_busto)

Илья мен Фаустина карантин кезінде әлеуметтік желіде танысыпты. Сол уақытта Илья музыкамен қатар ролик тебуге қызығып, осылайша Фаустинаның парақшасын тауып алған.

Бірде ұлым ән жазып, оны шетелдік құрбысына жіберді. Қызға ұнағаны соншалық, ол осындай бейнебаян түсірді, - дейді Ильяның анасы Татьяна.

Татьянаның сөзіне қарағанда, ұлы жетігенде бес жылдан бері ойнайды. Бастапқыда ол топтағы жалғыз ұл болған, себебі жетіген көбінде қыздарға арналған аспап саналады. Соған қарамастан Илья үйірмеден қалмай, шеберлігін шыңдап, бүгінде түрлі байқауларда бақ сынап жүр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: