Павлодарда Жеңіс алаңы көшесіндегі ашық аумақта сыйымдылығы 5 текше метр болатын жерасты жылыту газгольдері лаулап жанды. Оқиғаға байланысты ТЖД басқаруымен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Адамдардың қауіпсіздігі мақсатында жақын орналасқан ғимараттардан 850-ден астам адам эвакуацияланды. Эвакуацияланған халықты жылыту үшін 3 автобус және аталмыш орынды қоршауға 3 полиция экипажы тартылды.
Адамдар жақын орналасқан ғимараттардан эвакуацияланды. Қазіргі уақытта суды үздіксіз беру ұйымдастырылып, газгольдерді салқындату жүріп жатыр. Пропан-бутан қоспасының жануы бақылауда, - деді облыстық ТЖД бастығы Рустамбек Амрин.
Өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.