Жер сілкінісінен кейін 19 мыңға жуық көлік Алматыдан кетіп қалған

24 Қаңтар, 14:12 1180

23 қаңтарға қараған түні Алматыда көлік қозғалысының күрт өскені байқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сағат 00:09-да тіркелген жерасты сілкіністерінің себебінен болған. Өткен аптамен салыстырғанда қозғалыс белсенділігі 4,5 есе өсті.

Белсенділіктің ең жылдам қарқыны түн ортасының алғашқы 30 минутында байқалды. Сағат 01:00-де ең жоғарғы деңгейге жетті. Кейін қаладағы белсенділік біртіндеп азайып, тек таңғы 5:00-де бұрынғы қалпына оралды.

 Қызықты фактілер:

– Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы сағатта жолдағы көліктердің саны 40%-ға – 168 мыңға дейін өсіп, кейін 208 мыңға жеткен.

– 23 қаңтарға қараған түні 19 мыңға жуық көлік Алматыдан кетіп қалған. Бұл өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 152%-ға көп.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: