Жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярова ем алып жатыр

10 Ақпан 2023, 17:33 1319

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

“Сабина Мамадьяроваға келсек, ол қазір Адана мемлекеттік ауруханасында. Кеше оған зақымдалған қолына операция жасалды. Денсаулық жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен байланыста. Қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Бүгін консул оған жеке барып қайтады”,-деді ресми өкіл.

Бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылғанын жазған едік.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: