Жер сілкінісінде құлаған үйді салған адам 18 жылға сотталды

23 Ақпан, 14:00 1205

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлап қалған үйді салған мердігер компания басшысы Мүслим Демирер 18 жыл 1,5 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркиядан бір жыл бұрын болған жойқын жер сілкінісі кезінде аймақтағы үйлердің қирауына байланысты сот процесі әлі болып жатыр.

Шанлыурфада бір үй құлап, 34 адам қаза тапқан болатын. Ғимараттың құрылысына жауаптылардың үшеуі жер сілкінісіне дейін қайтыс болған. Бастапқыда сот Мүслим Демирерді 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Демирердің ұлы да жер сілкінісі кезінде үйлердің құлауынан қаза тапты. Сот осы мән-жайды ескеріп, мердігерге берілген мерзімді қысқартты, - делінген Anadolu агенттігінің ақпаратында.

Прокурор қорытындысында айыпталушы көппәтерлі тұрғын-үй салу кезінде стандарттарға сәйкес міндеттемелерді орындамағаны анықталғанын және кінәлі деп танылғанын мәлімдеді.  

Еске салайық, 2023 жылы 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі орын алған болатын.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: