Жер қойнауын пайдаланушылар халықтың осал топтарын оқытуға қаржы бөледі

15 Тамыз 2023, 20:04 1000

Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтарды оқытуға қаражат бөлуге міндеттелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы сәуірде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына өзгерістер күшіне енді.

Келесі негізгі түзетулер қарастырылған:

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда, оған ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын азаматтар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар қосылды.

Сондай-ақ Ережеге мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қаражат жіберу туралы міндеттеме енгізілді.

Бұл жағдайда жұмыстарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу; қызметтерге: ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, серверлік жабдықтың объектілері мен технологияларын іске қосу, баптау, жөндеу және (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, бейімдеу және (немесе) қолдану, деректерді өңдеу жөніндегі қызметтер, сәулет-жобалау жұмыстары, ғимараттар мен құрылыстарды салуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге байланысты кешенді инженерлік қызметтер.

Перизат Саденова
Бөлісу: