Жер қойнауын пайдалануға 7,7 трлн теңге жұмсалды

15 Ақпан 2023, 15:55 1002

Өткен жылы 7,7 трлн теңге инвестиция жер қойнауын пайдалануға жұмсалды. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде өндіруге – 2,8 трлн теңге, геологиялық барлауға – 135,7 млрд теңгені құраған.

«4,7 трлн теңге күрделі шығындарға, өңірлердің әлеуметтік экономикалық дамуына, азаматтарды оқытуға, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жер қойнауы учаскелерін тексеру тапсырмалары аясында ұзақ уақыт бойы келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған 27 келісімшарт бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 12 келісімшарт бұзылып, 9-ы бойынша 1,8 млрд теңге көлемінде айыппұл төленді. 6 келісімшарт бойынша жұмыс жалғасып жатыр», - деді ол.

Мемлекетке қайтарылып алынған жер қойнауы учаскелері инвестициялар тартуы үшін аукционға қайта қойылатынын айтты.

«Жер қойнауы кодексіне жаңа реформалар енгізілді. Кодексте жер қойнауын пайдалану құқығын беруді оңайлату, геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділік беру және басқа да өзгерістер енгізілді. 2022 жылы 8,9 трлн теңге салық жер қойнауын пайдаланушылардан түсті», - деді Асхат Хасенов.

Миражан Махан
Бөлісу: