"Жер алып беремін" деп жерсоқтырып кеткен алаяқ ұсталды

12 Қазан 2022, 08:48 881

Ол Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

Шымкентте «Жер алып беремін» ден танысын сан соқтырып кеткен азамат ұсталды, деп хабарлайды EL.KZ Отырар арнасына сілтеме жасап.

Абай аудандық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, танысы «Шымкент қаласынан жер алып беремін» деп, 2 000 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабымен тіркелді. Жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті азамат қала аумағынан тәулік ішінде қолға түсірді.

Ол Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған, жұмыссыз азамат екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Жәбірленушіге келтірілген шығын толықтай өтелді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: